Түрікменстан президенті Қазақстанға "Каспий" атты жаңа қала құруды ұсынды

12 августа, 15:26
0 1

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан сынды көрші мемлекеттерге жаңа «Каспий» атты инновациялық қала құруға ұсыныс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
«Технологиялық және инновациялық старт үшін маңызды алаң құру ойға қонымды нәрсе. Осы мақсатта халықаралық инновациялық-технологиялық орталық құруды ұсынамын. Бұл инновациялық қаланы «Каспий» деп атауға болады», - деді Бердімұхамедов Түрікменстанның «Аваз» шипажай аймағында өтіп жатқан Каспий экономикалық форумында сөйлеп тұрып.

Президенттің ойынша, инновациялық қалада цифрлық кластерлер құрылады. Ал бұл қаланың қай жерде құрылуы мүмкін екенін Бердімұхамедов нақтыламады. Сондай-ақ, ол Каспий маңындағы мемлекеттер территориясы арқылы Оңтүстік Азияға, Азия-Тынық мұхиты өңіріне, Қара және Жерорта теңізіне, Иран мен Таяу-Орта Шығысқа, Ресей арқылы Балтық теңізіне өтуге мүмкіндік береді. Осы орайда, ол Каспий маңындағы мемлекеттердің өзара транспорт мәселесін реттеп аланы жөн екенін де жеткізді.

Бірінші Каспий экономикалық форумының жұмысына Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведов, Әзербайжан премьер-министрі Новруз Маммадов және Иранның бірінші вице-президенті Эсхак Джахангири қатысып отыр.