Тоқаев жүйеден шығарған Жасұзақов зейнетақы мен әскери атағын сақтап қалды

11 августа, 17:10
0 1

Жақында мемлекет басшысы Қарулы күштер қатарынан шығарған Қазақстанның экс-қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мемлекеттік наградалардан және әскери атағынан айырылмайды. Сондай-ақ, ол өзіне тиесілі зейнетақыны да ала бермек. Бұл туралы аталмыш сұрақтар бойынша ведомствоға сауал жолдаған "ҚазАқпарат" хабарлады.

 

 
жасұзақов

Сәкен Жасұзақов. Фото: e-history.kz

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте
«Генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов ҚР Президентінің өкімі негізінде 2019 жылғы 7 тамызда әскери атағы, мемлекеттік наградалары мен зейнетақы төлемдері сақтала отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тізімінен шығарылды», - делінген министрлік берген ресми жауапта.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінде ҚР Қарулы күштерінің Тыл және қару-жарақ бастығы, ҚР Қарулы күштерінің Бас артиллериялық басқармасының бастығы мен оқ-дәрілер басқармасының бастығы,  44859 әскери бөлімінің командирі (Арыс қаласы) қажетті деңгейде бақылау жүргізбей, қызмет барысында олқылықтар жібергені үшін лауазымдарынан босатылығаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арыста орын алған қайғылы жағдай үшін бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты Қарулы күштер жүйесінен шығарғаны туралы хабарлаған едік.