Назарбаев қазақстандықтарды бүгінгі мейраммен құттықтады

11 августа, 17:04
0 1

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Elbasy.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Назарбае
"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте

"Құрметті отандастар!

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Құрбан айт – әлемдегі бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам, жақсылықтың, қайырымдылық пен кеңпейілділіктің символы. 

Бұл мереке бейбітшілік, бірлік және келісім сияқты жалпы адами құндылықтарды қастерлеуге үндейді.

Құрбан айт және басқа да діни мейрамдар қоғамда рухани-адамгершілік негіздерін нығайтуға септігін тигізетіні және ізгі ниет пен игілікті амалдар арқылы көрініс табатыны қуантады.

Осы мейрамда айтылған игі тілектеріңіздің бәрі орындала берсін!

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - делінген хабарламада.