Тоқаев Қырғыз еліндегі оқиғаны сол елдің ішкі шаруасы деп санайды - Берік Уәли

08 августа, 17:00
0 1

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасында болып жатқан жағдай сол елдің ішкі шаруасы деп есептейді әрі ол мәселе сол елдің заң аясында шешіледі деп үміттенеді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Ол бұл туралы facebook.com-тегі парақшасында жазды.

"Қазақстан Президенті Қырғыз Республикасында болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада сол елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетінінен үміттенеді", деп жазды Берік Уәли.
Айта кетсек, кеше Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты ұстау үшін оның Қой-Таш ауылындағы резиденциясына баса-көктеп кірген. Бірақ олар жергілікті тұрғындар тарапынан қарсылыққа ұшырады. 45 адам зардап шекті. Олар Шу және Бішкек қаласының ауруханаларына жеткізілді. Кейін атыс болғаны мәлім болды, қазір Шу облыстық ІІББ-нің жедел тергеу тобы милицияға түскен қоңырау бойынша оқиға орнына аттанды.

Zakon.kz