"Өлген жоқпын ғой": Әбдірахымов отставкаға кетуі туралы ағынан жарылды

06 августа, 12:42
0 1

 Шымкент қаласының экс-басшысы Ғабидолла Әбдірахымов жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әбдірахымов өз позициясы шымкенттіктерге жолдау кезінде айтылып қойғанын хабарлады. Оның пікірінше, не жағдай болса да, соңы жақсылыққа апарады.

"Президенттің шешімі талқыланбайды. Кез келген адаммен болған барлық нәрсе, оның дербес жауапкершілігінде (...). Саясатта мұндай нәрсе бар, ерекше ештеңені көріп тұрғаным жоқ. (...) Мен Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істейтін боламын. Менде бәрі жақсы", - деп атап өтті экс-әкім.
Сондай-ақ, ол Лондонда түсірілген атышулы видео туралы айтты. Бұрынғы шенеуніктің айтуынша, бейнежазба жас ұрпаққа бағытталған екен. Экс-әкім аталған видеомен адамдардың Қазақстаннан кетпеуін жеткізбек болған.

Әбдірахымов отанымызда әлемді көру үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін түсіндіргісі келді.

Бұрынғы әкім болашақ жоспарлары туралы тіс жармауды жөн көрді. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде белсенді болуға уәде берді.

Алайда мемлекеттік қызметті сағынбайтынын айтты. Сонымен қатар, ол Нұр-Сұлтанда тұруға ниетті.

"Мен жасырынбаймын. Менің достарым, әріптестерім бар. Мен өлген жоқпын ғой!"- деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов өз үндеуінде адамдарға қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, ол үшін Қазақстанның ең ірі қалаларының бірін басқару үлкен абырой болған.

Ғабидолла Әбдірахымовтың отставкаға кеткені 30 шілде күні белгілі болды. Одан соң Шымкентті Ерлан Айтаханов басқарды.

Президент әкімшілігі қаланың бұрынғы басшысының саяси сенімді сарқылтқаны үшін жұмыстан босатылған деп түсіндірді.

Tengrinews.kz.