Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады

05 августа, 21:15
0 1

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

"Қазақстан президенті қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сондай-ақ, "Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді

baq.kz