Ермек Аманшаев жаңа қызметке тағайындалды

11 июля, 10:09
0 1

 Ермек Аманшаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл ақпан айынан Ермек Аманшаев ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болды. Мәдениет және спорт вице-министрі және "Қазақфильм" Ұлттық компаниясы" АҚ президенті болған Ермек Аманшаев отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты. "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағымен, "Мәдениет қайраткерi" белгісімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.

kaz.tengrinews.kz