Сенат Мәсімовті ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді

12 июня, 19:48
0 1

12 маусымда Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен парламент сенатының отырысы болды. Онда депутаттар Қазақстан Республикасының президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп Кәрім Мәсімовті тағайындауына келісім берді деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
Кәрім Мәсімов. Фото kaztrk.kz сайтынан алынған

Кәрім Мәсімов. Фото kaztrk.kz сайтынан алынған

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте

ҰҚК төрағасын қызметке тағайындауға келісім беру cенаттың ерекше қарауына жатады.

Парламент сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед:

"К.Мәсімов барлық жұмыс аумақтарында өзін принципті, жоғары білікті мемлекеттік қайраткер, өз ісіне және Отан алдындағы борышына адалдығын көрсетіп келеді", - деп атап өтті.

Депутаттар бұл ұсынысқа бірауыздан дауыс берген.