Тоқаев: Ұсталған азаматтардың санын және олардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым

12 июня, 19:36
0 1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз шерулерге қатысты пікір білдірді. 

"Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты санын және олардың кінәсінің дәрежесін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар, наразылық орын алған жерге кездейсоқ тап болған адамдар босатылуы тиіс", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында.

ІІД Алматыдағы түнгі тәртіпсіздік туралы түсініктеме берді. Бас прокуратура заңдылықты сақтауға, рұқсат етілмеген жария акциялар ұйымдастырудан және оларға қатысудан тартынуға шақырады.