Мемлекет басшысының Жарлығымен барлық әкімдердің өкілеттігі тоқтады

12 июня, 14:38
0 1

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне қатысты Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                           

Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 12 маусым

№ 2