Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі (видео)

12 июня, 11:18
0 1

Нұр-Сұлтанда жаңа сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі басталды.

Ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр. Қ. Тоқаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысуда. Сонымен бірге соңғы сайлауға түскен Амангелді Таспихов те қонақтар қатарынан көрінді.

Рәсімнің ашылуы Мемлекеттік ту, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік штандарты мен Конституцияны алып шығумен басталды.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда өткен сайлауда 70,96 пайыз басымдықпен жеңіске жеткен болатын. Оған 6 539 715 адам дауыс берген.

egemen.kz