Қосанов: Партия құрып, парламент сайлауына қатысамын!

10 июня, 16:38
0 1

Әміржан Қосанов азаматтармен кездесу барысында өзінің билікке шақырту алғаны туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, ол жоғарыдан айтқанды орындап, бостан-бос мақтап отыра алмайтынын жеткізді.

“Мен парламенттік авторитарлық жүйеге бармаймын!” - деді Қосанов.

Сонымен қатар, ол партия құрып, парламент сайлауына қатысатыны туралы айтты.

“Егер мен парламенттік сайлауға қатыспаймын десем... ол өтірік болады. Қазақта сөз бар: Арық айтып, семіз шық!” - деді Әміржан Қосанов.

Естеріңізге сала кетейік, алдын ала болжам бойынша, кезектен тыс президент сайлауында Әміржан Қосанов 16,02 пайыз дауыс жинап, екінші орын алды. Ал президент болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланады.

Дайындаған: Ильдар Адильченов