Жуырда шенеуніктер смартфон пайдалануға қайта көшуі мүмкін

12 июля, 23:57
0 1

 Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде смартфон пайдалануға салынған тыйым биыл қыркүйекте алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлады Қазақстанның президенті жанындағы мемлекеттік басқарма академиясының ректоры Фатима Жақыпова. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Бұл мәселе біраз уақыттан бері қаралып жатыр. Біздің мәліметіміз бойынша, қыркүйекте мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат береді. Бірақ бұл ақпараттың нақты екенін әлі білмейміз. Бұл мәселе жақын арада шешіледі деп ойлаймын", — деді Жақыпова бейсенбі күні брифингте.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2016 жылдан бері мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнында смартфон, планшет пайдалануға тыйым салынған. Оның орнына шенеуніктер интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ, фото және видео камера орнатылмаған қарапайым телефон пайдалана алады.

Бұл шараны қызметтік ақпарат тарап кетпеуі үшін қолданылады.

NUR.KZ.