Алғашқы күндердегі махаббат отын қалай қайта тұтатуға болады?

16 октября, 10:22
0 1

 Сараң күйеуінен мезі болған екі баланың анасы көптен кеңес сұрады. Айтуынша жан жары оған ақша бермей ғана қоймай, бірнеше рет қол көтерген де екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Екі баланың анасы өзінің жан сырын astana_forum парақшасында ақтарған.

«Сәлеметсіздер ме, айтайын дегенім, бұрын болған сезімді қалай қайта тұтандырса болады? Тұрмысқа шыққаныма 4 жыл болды. Екі балам бар. Бәрі жақсы. Күйеуімнің өз жұмысы, менің өз жұмысым бар. Бірақ, өте сараң. «Ақша қайда кетті, маникюрді не үшін жасатасың? Шашыңды неге боятасың?» деп сұрақтың астына алуы мүмкін. Мысалы, соңғы маникюрге екі күн жалынып жүріп, әрең рұқсат алдым. Ал ауырып қалсам, олай жағдайымды сұрамайды да... Өтірік айтпай-ақ қояйын, басымыздан түрлі жағдайлар өтті. Тіпті, қол көтерген күндері де болды», - деп жан сырын ақтарған келіншек.

Жас келіншек соңғы жолы күйеуі тіпті жұмысқа келіп, сабап кеткенін айтқан.

«Не үшін екенін білмеймін, бірақ осының бәріне шыдап жүрмін. Мен жаспын, 20-дамын. Оның жасы 24-те... Енді не істейтінімді де білмеймін. Сұрайын дегенім, ақыл-кеңестеріңізді айта отырсаңыздар? Алғашқы күндердегі махаббат отын қалай тұтатуға болады?», - дейді келіншек.

Желі қолданушылары түрлі тілектерін айтқан. Олар әсіресе мұндай күйеумен ажырасу керектігін мәлімдеген.
«Мұндай еркектен қашу керек», «Қайдағы махаббат оты? Тездетіп ажырасып, балаларыңызды аяқтан тік тұрғызу керек», «Өзгереді деп сенбеңіз, бір қол көтерсе, өмір бойы солай істейтін болады», «Сабырлы болыңыз, ашуды ақылға жеңдіріңіз» деген пікірлерін жаудырып жатыр.