Кесерево арқылы босанса, қынап кеңеймейтіні рас па?

12 октября, 23:06
0 1

Тұрмысқа шыққаныма үш жыл болды. Екі жылдай сәби көтере алмай жүріп, жақында ғана аяғымның ауыр екенін білдім. Қазір құрсағымдағы сәби 16 апта болды. Сұрайын дегенім «кесерево арқылы босанса қынап кеңеймейді» деген пікір рас па? Бізде қазақта бұл мәселе көп айтыла бермейді ғой. Әпкелерімнің, құрбыларымның сенімсіздеу айтқан «бала босансаң, қынап кеңейіп кетеді, оны орнына әкелу қиын. Қынап кеңейсе күйеуіңнің саған деген қызығушылығы жоғалады» деген пікірлерін тыңдап, өскен соң, осы мәселеде аздап менде қорқыныш бар. Жанын қинамас үшін және қынабын кеңейтіп алмас үшін шетелдік аналардың көбісі әдейілеп кесеревомен босанады дегенді де естігем. Енді кесеревоға алдын ала келіссем бе екен деп жүрмін. Бұл қаншалықты жаны бар пікір?
Аяна, Алматы қаласы

Көп келіншектер кесерево кезінде «Сәби қынап арқылы шықпайды сол себепті қынап кеңеймейді» деп ойлайды. Ия ол рас қынап кеңеймейді. Алайда кесерево кезінде қынап кеңеймегенмен жатыр созылады. Жатыр созылуы арқылы жамбас қуысының бұлшық еттерін қысып әлсіретеді. Қарапайым мысал келтірер болсақ,
✔Сәби салмағы - 3500гр
✔Жолдасы - 800гр
✔Жатыр суы - 1200гр
✔Барлығы 5500гр. Бұл орташа есеп. Барлығы 5 жарым кг салмақты көтеріп жүру әйелдің бұлшық етіне салмақ түсіретіні анық. Кейде әйелдер баланы емізіп жүріп, екінші баланы көтеріп қояды. Осылайша жамбас қуысының бұлшық еті әлсіреп, нәтижесінде жатырдың, қынаптың төмен түсуіне әкеліп соқтырады. Ал бұл қынаптың жиырылғыштық қасиетіне кері әсер етеді. Сондықтан алдын ала өзіңізді кесеревоға дайындамай, қынап кеңейсе, қынаптың бұлшықеттері әлсіреген жағдайда орнына келтіретін интимдік жаттығулармен танысыңыз. Өмірге табиғи жолмен бала әкелудің өзіндік артықшылықтары жетерлік. Мәселен баланы емізген сайын жатырдың, қынап бұлшықеттерінің уақыт өте өз орнын табатыны да дәлелденген. Сондықтан алдын ала асықыс шешім жасамаңыз. Сондай-ақ сіз мысал келтіріп отырған талай шет елдер кесеревоға заңмен тыйым салуда. Яғни әйел денсаулығына зияндылығы дәлелденгендіктен, отаға өз еркімен келісетін әйелдердің денсаулығын сақтау мақсатында олар осындай шешім қабылдауға мәжбүр болып отыр. Сондықтан шала білім мен құрбыларыңыз айтқан үстірт пікірге берілмеңіз.