Анам жас жігітпен некеге тұрып алыпты

09 октября, 10:13
0 1

 Сәлеметсіздер ме? Сіздерден кеңес сұрайын деп едім. Жағдайым былай: менің анам, ағам, інім бар. Әкем бала күнімде қайтыс болған. Кейін анам тұрмысқа шықты. Ол кезде ағам екеуміз бала болып, ештеңе білмедік те, әкеміздің бөтен екенін өскесін білдік.  Оның басқа отбасы болды. Біз оның екінші  отбасы болдық. Інім сол кісіден. Інім 7-8-ге келгенде олар анам екеуі ажырасып кетті. Сонымен өзіміз өмір сүрдік.

Ал енді қазіргі мазалап жүрген мәселе: анам ағамнан 3 жас үлкен жас  жігітпен некеге тұрыпты және біраз болып қалыпты. Оны біз енді білдік және ұрыс арасында айтып қалды. Анам денсаулығына байланысты бала табам деп ойлаған екен. Денсаулығына байланысты дәрігерлер бала туу керек депті. Енді не істерімді білмей жүрмін. Бұл некеге қарсымын. Анама лайық көрмеймін ол жігітті. Бірақ анамның денсаулығына алаңдаймын. Кеңес берсеңіздер. Не істейін? Ешкімге айта алмаймын. Анамның 3 үшінші рет некеге тұрғаны намысыма да тиеді. Ойымды жинақтай алмай тұрмын. Барынша кеңес, ақыл айтсаңыздар. Кімде осындай жағдайлар болды? Қазыр нәтижесі қалай? Рахмет! 

Аноним