Жан жарамды қалай емдеймін...

07 октября, 10:52
0 1

 Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман, қымбатты қыз-келіншектер! Сіздердің кеңестеріңізге мұқтажбын. Мен 6,5 жыл бір жігітпен жүрдім, бәрі жақсы болатын, үй ішіміз бәрі біліп, танып, үйленеміз деп жүргенімізде, ол жігіт өзгеріп шыға келді. Кінә менен де бар шығар, шамалы қырсықтау едім, бірақ мен 100% сенген адамның неге олай өзгеріп, 1 айдың ішінде басқа қыз тауып, сонымен жүріп кеткеніне әлі де сене алар емеспін. Көзімше сол қызбен кеткенін көріп, өмірім күрт өзгеріп кетті. Содан бері күні-түні жылап, өз-өзімді танымастай боп кеттім, бірден жүдеп кіп-кішкентай болып қалдым. Ең жаманы,  тамағымнан ас та, су да өтпей қиналдым. Содан менде көшеге шығуға қорқыныш пайда болды. Шықсам, жүрген жігітімді көріп қалсам, аяқ-қолым қалтырап жүре алмайтындай хәлге келдім, 2 айдай далаға шықпауға тырыстым. Менікі де дұрыс емес шығар бәлкім, бірақ сенген адамың сені сатып, арқаңнан пышақ сұғып кеткенде өмір сүруге құлшынысың өліп қалады екен. Мен бұл жағдайды жауыма да тілемеспін. Бірақ ойланып, маған бұл Алла Тағаламның берген сынағы деп
кабылдадым, дұғамды айтып жүрем күнде, кешірім тілеймін Алладан. Сенесіздер ме 2 ай ауырып жүргенім басылып өзімді тәрбиелей бастадым, бірақ ол адамды көрмес үшін тұрып жатқан жерімнен басқа жаққа кетіп қалдым. Ауылдық жерде тұрғасын көріп қаласың кейде, сол кезде жағдайым нашарлап кетеді. Енді кешеден бері қайтадан күйзеліске ұшырап жүрмін, жалғыз қалып қойсам көңіл-күйім бұзылып, жылап жүрмін, көп жазып қойсам кешіріңіздер, ойым шашыраңқы. Мені сөкпеулеріңізді өтінемін. Енді сіздерге сұрақ, бұл жағдайдан қалай шығуыма болады? Өте қатты күйзеліске ұшыраған адамның жан жарасын қалай емдеуге болады, бұл жерге бәрін жаза алмаймын ғой басымнан өткеннің. Бірақ 3 айдан асты, әлі ұмыта алар емеспін, енді  дым ойламай, өткенді санамнан өшіріп, тыныш өмір сүргім келеді. 

 
Аноним