«Бірнеше рет алдыртқам»: түрік жігітімен жүріп жүрген қазақ қызы тағы жүкті екенін айтты

04 августа, 12:30
0 1

Күнделікті күйбек тірліктен шаршап, күйеуімен ажырасып кеткен келіншек өзінен үш жасқа кіші өзге ұлттың жігітімен қосылғанын сөз етті.
27 жастағы үш баланың анасы күйеуінен ажырасқаннан кейін түрік жігітін жолықтырып, көңіл жарастырғанын ашып айтты. Келіншектің сөзінше, ол сүйіктісінің өзіне үйленбейтінін біле тұра одан бірнеше рет бала көтерген деп хабарлайды astana__forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Күнделікті күйбек тірліктен шаршап, күйеуімен ажырасып кеткен келіншек өзінен үш жасқа кіші өзге ұлттың жігітімен қосылғанын сөз етті. Алайда ер адам өз ата-анасының балалары бар әйелді жар етіп алуға рұқсат бермейтінін ашып айтқан екен.

"Үш баласы бар жас анамын. Күйеуіммен бір жарым жыл бұрын ажырасып, қазір 24 жастағы түріктің жігітімен көңіл қосып жүрмін. Айына бір-екі рет кездесіп тұрамыз. Маған үйленетін ойы жоқ. Ата-анасының мені үш баламен қабылдамайтынын айтты", - дейді келіншек.

Әйел адамның сөзінше, ол сүйіктісінен бірнеше рет бала көтерген. Алайда ғашының сөзіне құлақ асып, бірнеше рет түсік жасатқан.

Өзінің қайта жүкті екенін білген ару енді баласын не дүниеге әкелерін не алдыртып тастарын білмей дал болып отыр екен.

"Одан бірнеше рет бала көтердім, көтерген сайын алдыртып тұрдым. Сақтанудың түрлі жолдарын қарастырдым, түрлі тәсілдерді қолдандым. Алайда жуырда қайта жүкті екенімді білдім. Сүйіктімнен бала сүйгім келеді. Ол маған үйленбесе де, мені тастап кетпейтінін білемін. Сүйіктім жақындарымыздың бізді түсінбейтінін айтуда. Не істеймін? Баланы алдыртқан дұрыс па?", - деп кеңес сұрады әйел.