Түсінігі төмен еркектен түңілдім...

12 июня, 10:02
0 1

Менің жасым 29 да, үш балам бар. Күйеуіммен отасқанымызға 8 жыл болды. Мен сіздерге өзіме маза бермей жүрген бір жайды ақтармақпын. Күйеуімнің түсінігі өте төмен, жəне əйел құмар жан. Өзі тапқан табысын бізге бергісі келмей, амал жоқ тамақ алып береді, ал балаларға киім жəне тағы басқасына бас қатырмайды. Басымызда үйімізде жоқ,пәтер жалдап тұрамыз.

"Үйсіз, күйсіз жүріп неге тудың" деп сөкпеңдерші. Үйде екі-ақ ағайындымыз. Сондықтан балаларымның көп болғанын армандайтынмын. Ажырасуды ойыма да алмаймын, өйткені балаларым əкесін қатты жақсы көреді.

Айтқым келгені, күйеуім біреуді ұнатып қалса немесе біреумен кездесіп жүрсе үйге келіп маған тиіседі, ешқайда шықпасам да "сен біреумен болдың", "үйге біреу келіп жүрген шығар" тағы сол секілді сөздер айтып мені ұрады. Дәл осы мінезі жаныма қатты батады.

Ал егер жүкті болсам "мен жүктімін" десем "кімнен" деп таң қалып сұрайды. Басу айтатын, ақыл айтатын ешкім жоқ. Шешесі ақыл айтудың орнына, ажырас деп айтады. Олар үшін бала деген тозақпен тең. Қанша қиналсам да бөтен еркекті ойламаймын да. Жазатыным көп еді бірақ қолым дірілдеп, көзімнің жасы тоқтамады. Ақыл кеңестеріңізді жазыңыздаршы. Рахмет.


Гүлжан, Алматы

alashainasy.kz/