Кешірші анашым...

11 июня, 17:00
0 1

Айтар оқиғам біреуге ой салар деген оймен жазудамын. Аллаһтың қалауымен мектеппен қоштасып,студенттік өмірге қадам бастым. Уақыт шіркін зымырап өтіп жатыр. Үйде анам мен əпкем ғана бар... Əкеміз 2 жыл бұрын мəңгілікке аттанған. Ол ауыр күніміз де өтті шүкір Аллаға.

Сонымен не керек, оқуым өзімнің қаламнан жырақта орналасқан. Бірақ бөтен қала мені,мен бөтен қаланы жатырқамадым. Үйден кетуге асықтым. Əкем кеткелі өмірдің мəні қалмаған-ды. Кішкене кезімнен əкемнің қызы болып,бар сырымды əкеммен бөліскен маған анаммен тіл табысу ауыр болды. Əкемнің қайтуына себепші болғаннан кейін мүлде жек көрдім. Тағдыр... Жазмыштан озмыш жоқ деген... Білемін еш нəрсе əдейі емес,бірақ ішімде анама деген үлкен ыза қалған болатын. Онымен орынды сөйлеспейтінмін. Басқа қалаға кеткесін мүлде іздемейтін болдым.

Қайран ана жүрегі сағыныштан құса болса керек,əпкем хабарласып,анаммен сөйлестірді. Əпкемнің көңілі үшін "мен де сағындым сендерді" дедім. Уақыт өте берді. Шəкіртақыдан бөлек анам ай сайын ақша салып тұрды. 15 мыңнан аз болса,сөйлеспей қоятынмын. Бұл əрекетімнің адамгершілікке жатпайтынын енді ұқтым. 8 наурыз алдын ойланып отырдым. Басқалардың анасымен салыстырдым. Жо-жоқ менің анам жұрттың анасынан əлддеқайда керемет жан екенін енді түсіндім. Өздері тойып тамақ ішпей,құлпырып киім кимей қызым-қызым деп ақша салғандағы рахметім қайда? Ит екеш ит те өзін асыраған адамға адал ғой... Еех ит құрлы емес екенмін. Мен ауырсам ұйықтамай атырған таңдарын,мен үшін деп батырған түндерін,басымнан сыйпаған ыстық алақанын қалай ұмытқанмын... Мен бейшара екенмін ғой...

Көзімнен аққан жас тамшылары бұл жолы шынымен,өкінішпен аққанын ұққандаймын. Неге мен оған олай жасадым екен. Сен үшін бəрін жасаған адамға бұлай жасайтындай оның не кінəсі бар... Ой жетегінде отырып 8 наурызға анама өлең шумақтарын арнадым. Бұл жолғы сөздерім бүкпесіз,анашыма деген ыстық махаббатым еді. Анам екеуіміз қосылып жыладық. Ол телефонның ар жағынан,мен бергі жағынан бір-бірімізді жұбатудамыз. Анамның қадіріне енді жеттім. Тек айтарым аяулы аналарды ренжітпейікші,олардың жүрегі сəбидің жүрегінен де нəзік екенін ұмытпай,мəңгі сыйлап өтейікші... Мен өзіме серт бердім, анам мені қалай мəпелесе мен де оны солай мəпелеймін...

Әнел
alashainasy.kz/