Күйеуім бола тұра, күндіз де, түнде де жалғызбын...

06 июня, 11:54
0 1

Міне, үйленгендеріне бір ай өтпей жатып Шырынның "Отбасын құрып, бақыт құшағына бөленемін» деген ойының күл-талқаны шықты. Кешегі сүйіктісі үйленген бетте 180 градусқа өзгеріп шыға келді. Қабағы ашылмай, ылғи Шырынды қадағалап, шектеумен жүрді.

Қыз күнінде біреудің еркесі, жалғыз қызы ретінде айтқанының бәрі оң шешім тауып келгеніне үйреніп қалған байқұс қыз, дәл осындай қиындыққа тап боламын деп ойламаған еді. Сырымға әйелінің отырысы, сөйлегені, киген киімі ұнамады. «Қонаққа барғанда сөйлемей отыр, дауысың нашар. Көшеде алақ-жұлақ етпей жүр. Көзің жаман» деп құлақ етін жи берді.

Мұндай дөрекі ескертулер қыз жанын жегідей жей бастады. Ол аздай...өзін шексіз сүйеді деген жары үйленгендеріне жыл толмай, басқа қыз-келіншектерге көз қырын салатын болды. Тіпті оны Шырыннан жасырмады да! Ашық жүретін болды. Алғашында Шырын үйдегі еркелігіне салып, көз жасын көл қылып қарсылық білдірген-ді. Алайда онысынан түк шықпады. Сырым онымүлде көзге елемей, адам қатарына санамауы үдей түсті...

Шырын сол кезде өте бақытсыз еді. Бүгін екеуі кешкі асты тағы үнсіз ішті. «Жұбайлар бар әңгімесі таусылған» деген осы болар... Сырым жылдам ішіп тұрып кетті. Әдеттегідей. Ал Шырын дастархан басында жалғыз қалқиып қала берді.

Төсекте...Сырым ары қарап ұйықтап жатыр. Шырынның нәзік қолдары оның арқасынан сипалап, аймалап құшқысы келеді. Абайсызда қолының ұшына ерік берсе, күйеуінен ауыр сөз естіп, түнімен жылап шығатынын жақсы біледі... Сондықтан бұл да теріс қарап жатады... Бұл әйел үшін нағыз қорлық дерсің! Жап-жас келіншек үшін қасында күйеуі жата тұра, түнді жападан жалғыз өткізу қандай қиын екенін ешкім де сірә түсінбейтін шығар! Ал таң атқан соң әдеттегі күйбең тіршілік басталады. Өшін қызметінен алған Шырын бар күш-жігерін жұмсады...

zhanatbakyt.kz/