"Кассир қыз шақырады": Күйеуі құмар ойынға салынған келіншек мұңын шақты

03 июня, 16:26
0 1

Күйеуі құмар ойынға кіріп кеткен 21 жастағы келіншек жан сырын ақтарды. Аяғы ауыр әйел бүгінде жұбайының әрекеттерін түсіне алмай жүр. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында баяндаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

24 апталық жүктілікте жүргенкеліншек бүгінде кіммен сырласарын білмейді екен.

"Күйеуім құмар ойынға (букмекер) кіріп кетті. Сонда кассир қыз шақырып, екеуі қосылып ойнайды екен. Тіпті, сол әйел телефон соғып, анда барамын, мында барамын, апарып тасташы дейді. Сол әйел үшін неше рет ұрыстық. Не істерімді білмеймін. Қарыздар бар, соларды сол қыз төлеп тастасын, көмектесіп жүр, сосын ол жерге бармаймын деп ант-су ішеді. Бірақ, ол қыз телефон соғып сөйлескенде, қызғаныштан жарыла жаздаймын.
Ол қызға да хабарластым, енді қоңырауымды көтермейді. Енеме де айттым, ол қызбен сөйлесемін деген. Бірақ, әлі нәтиже жоқ. Шаршап кеттім", -деп жазған ол.

Тұрмысқа шыққанына тек алты ай болған әйел осыған дейін күйеуінің мұндай әрекетін көрмегенін айтады.