Жалғызбасты енесіне қалталы азамат іздеген жасқ келін желіні шулатты

02 июня, 17:19
0 1

"Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде енесіне өмірлік жар іздеген келіншек жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен анама болашақта жақсы қолдау көрсететін кісі іздеймін. Маманың жасы 47-де, орыс тілі маманы. Тараздың орталығында тұрамыз. Үш ұлы бар, екеуі үйленді. Үшіншісі 10-сыныпта оқиды. Балалары қарсы емес. Енем жалғыздықтан шаршады, жас кезінен көп қиындық көріп келеді. Папамыз қайтыс болған. Тұрмыс жағдайы жақсы адам болса, жазсаңыздар", - делінген парақшадағы жазбада.

Бұл желі қолданушыларының қызу пікірталасын тудырды.

"Енеңмен ақылдасып шығардың ба, әлде өзің іздеп жатырсың ба?", "Енеңді "свидениеге" сүйрегені несі, өзі таппай ма?" деп пікір қалдырды олар.