Күйеуіме деген өкпе-реніш қана бар...

15 мая, 09:38
0 1

Мен куйеуіммен ажырасқанмын, ортада 3 бала бар. "Бала белде, қатын жолда" деп кетті. Бір кездері бір-бірімізді сүйіп-ақ қосылған едік. Жап-жақсы отбасы боламыз деп ойладық, бірақ дәм-тұзымыз жараспады.  

Менің де абден көңілім суыған. Есіме тек ренжіткен кезі, ұрған кезі, жылатқан кездері ғана түседі. Қосыламыз-ау деген үміт менде мүлде жоқ. Ол да қайтып келе қоймас. Енді мен оны ойламасам да, күніге түсіме кіреді, неге екенін білмеймін, ылғи екеуміз достасқан екенбіз деймін,  ойнап күліп жүреміз, кейде ұрысысып жүреміз. Мен оны сағынған жоқпын, тек өкпе-реніш қана бар. Бірақ, білмеймін, неге түсіме кіре беретінін...