Қайынағама ғашық болып қалдым

12 июля, 09:29
0 1

 Сәлем құрбы-құрдастар, әпке, жеңгелер. Әркімнің өз ішінде жүретін бір құпиясы болады. Меніңде ішімді өртеп жандырып бара жатқан құпияммен бөліссем деймін. 30-ға таяп қалған 2 ұлы мен Алла қосқан жары бар келіншекпін. Шүкір, балаларым аман, жолдасым жақсы. Ешкімнен кем болмай біреуден кейін, біреуден ілгері жасап жатқан жайым бар. Тек мені қинайтын жайт өз қайынағама ғашық болып қалдым. Қалай екенін білмеймін. Қайынағам жас та болса мейлі екен, жасы елуге тайап қалған кісі. Жолдасым вахтада жұмыс жасайды. Айына бір келіп кетеді. Бізді асыраймын деп күндіз-түні жұмыста. Ал мен болсам ғашықпын деп өз-өзімді қоярға жай таппай жүрмін. Осы сырымды айтпасам жанып кететін секілдімін. Бәріміз пендеміз, қателіксіз,кемшіліксіз адам болайды ғой. Сол секілді мен де бір күнәге жақын тұрмын. Қайнағамды көрсем жүзіме күлкі үйіліп, не істеп, не қойғанымды білмей қаламын. Әкемдей адам ғой, неге ғашық болғанымды түсіне алар емеспін. Көпті көрген апалар, маған бір ақылдарыңызды қоссаңыздар қуанып қалар едім.

Аноним