Мен оның анасымен бір үйде тұра алмаймын

13 января, 10:27
2 1

Сәлеметсіздер ме, менің атым жасырын қалсыншы. Сіздердің ақыл кеңкстерініз қажет. Мен көктемде тұрмыска шыққанмын. Содан бері енеммен сыйспай жүрдім. Ол мені және отбасымды меңсінбейді, мені дүния әкелмеді деп , тойды несие алып зорға істеді деп бүкіл туысқанына жамандап отырады, күйеуімді жақсы көргесін оған да шыдадым.

Кейін үйде заттар жоғалды соны менен көрді. Басында жай айтатын, сосын "менің үйімде жатып менің тамағымды жеп неге ұрлық жасайсын" деді. Менің шыдамым тауысылды күйеуіме бөлек кетейік енді бұл үйде тұра алмаймын дедім. Ал ол бөлек шықпаймын өлсемде, өлген кезде табытыммен бірге бөлек тұрарсын деді. Сол кезде сөзге келіп қалып ол мені ұрып жіберді,сосын мен үйге кетіп қалдым. Содан бері міне 1 ай өтті xат xабар жоқ, әлеуметтік желідегі барлық суреттерді алып тастаған. Мен оның анасымен бір үйде тұра алмаймын. Мен күйеуімді қатты жақсы көрем және менің аяғым ауыр. Не істесем болады өтініш көмек берініздерші. Рақмет. 

Аноним