Алматыда әйел адам 20-қабаттан секірмек болды

09 октября, 16:05
0 1

Алматылық полицейлер 20-шы қабаттан секірмекші болған келіншекті құтқарып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

6 қазан күні «102» номеріне «қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің балконында әйел отыр» деген суыт хабар түседі. Айтылған мекенжайға дереу «Боран-080» патрульдік экипажы жіберіледі. Көрші үйдің тұрғындары да секірмекші болған әйелді сөзге айналдырып, уақыт соза тұрады. Тәртіп сақшылары 20 қабатқа көтеріліп, білдірмей балкон шетінде отырған әйелді қапсыра құшақтап алады.

Әйелдің қасындағы арбада алты айлық нәресте болған екен. Мұндай қадамға неліктен барғанын 26 жастағы келіншек түсіндіре алмаған. Әзірге некеде екені және күйеуінің басқа қалада жұмыс істейтіні ғана белгілі.

Саят Бекжанов, қалалық ПД жол-патрульдік полиция полкінің инспекторы:

- 12:40 шамасында кезекші бөлімнен ақпарат түсті. «Брусиловский 4 мекенжайында 20-қабаттан әйел адам секірмекші болып жатыр» деді. Біз 3 минут шамасында сол мекенжайға жеттік. Келген мезетте балконнан секірмекші болған әйел адамды көрдік. Қасымдағы әріптесім екеуміз құтқарып қалдық.