Шымкентте бала күтуші қожайынының үйіне ұрлыққа түскен

09 октября, 12:17
0 1

Шымкентте бала күтуші әйел үй иесінің құны жарты миллион теңгені құрайтын алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Қолына түскен бағалы затты ломбардқа өткізіп, тіпті ақшасын жұмсап үлгергерген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Баласымен қоса баспанасын да сеніп тапсырып жүрген жәбірленуші әйел бала қараушының үстінен құқық қорғау органдарына арызданды.

Үй иелерінің жатын бөлмесін түгел ақтарып шығып, зергерлік бұйымдарды жымқырған күтушіге қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабының 3-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалып сотқа жолданған.

Іс насырға шауып, заң алдында жауапкершілікке тартыларын білген келіншек экс-қожайынынан кешірім сұрап, материалдық шығынды толық өтеп беріпті.

Еңбекші аудандық сотында ұрлық фактісіне қатысты қылмыстық істі қарау барысында сотталушы бұрынғы бала күтуші өз ісіне өкінетінін айтып, жәбірленушімен татуласқанын алға тартқан. Сондай-ақ, соттан қылмыстық жауапкершілікке тартпауды сұраған.

"Сот сотталушы Т.М-ны жәбірленуші А.А-мен татуласып келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатты," - деп мәлімдеді Еңбекші аудандық сотының баспасөз қызметі.