Бір күнде үш бала терезеден құлап кетті. Оның екеуі қайтыс болып кетті

11 августа, 15:48
0 1

 

Қазақстанда бір күннің ішінде үш бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. 

сәби

Бұл оқиға 10 тамызда ШҚО-ның Алтай қаласында, Шымкентте, Қарағанды облысының Абай қаласында орын алған.

Бесінші қабатты үйдің балконынан құлап түскен 2018 жылы туған сәби оқиға орнында көз жұмған. 

Шымкентте де "Нұрсат-3" шағын ауданында 2014 жылы туған бала 8-ші қабаттан құлап қайтыс болған. 

Ал Абай қаласында екінші қабаттан құлап түскен бала бірнеше жерінен жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы ауыр екені айтылды.

Мамандар баланы үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды ескертті.