Нұр-Сұлтанда полйцейлер көшеде адамдарға пышақ сермеген азаматты қарусыздандырды (видео)

12 июля, 10:31
0 1

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып, көшеде қатты айқайлаған азаматты тұтқындады. Оқиға 11 шілде күні кешкі уақытта өткен деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам Қажымұқан көшесінің бойында сағат 19:00 шамасында тұтқындалды. Аға лейтенант Абзал Жолмахов пен полиция лейтенанты Асан Қоманов азаматтың пышаққа ұқсайтын затпен өтіп бара жатқандардың үрейін тудырып жатқанын байқап қалған.

Олар ойланбастан оны тұтқындауға тырысты. Полицейлердің талаптарына қолында пышағы бар агрессивті ер адам қарсылық танытқан. Жолмахов ашуға булыққан тұрғыннан қрауына тартып алды. Ол тұтқындалды.

Азаматты елордалық "Алматы" ауданындағы полиция бөлімшесіне жеткізді. Ол жерде Ақмола облысының полиция департаменті 35 жастағы ер адамға қатысты жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатқаны анықталды. Тұтқындалған ер адам Павлодар облысының тұрғыны болып шықты.