Ақтауда 14 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

10 июля, 17:44
0 1

 Ақтау қаласының полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған Камилла Лян есімді аруға іздеу салды. Жасөспірім кеше үйінен шығып, қайта оралмаған. Бұл туралы "Лада" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазіргі уақытта Ақтау полициясы жоғалып кеткен Камилла Лянның тұрған жерін анықтауда.

Ол 9 шілде күні Ақтау қаласы 29 шағын ауданы, 31 үйден шығып, қайта оралмаған.

Оның үстінде қара футболка мен көк түсті шорты болған.

Камилла Лянға қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз 8 701 246 46518 немесе 102 нөмірлеріне хабар беріңіз.