Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды (фото)

12 июня, 10:44
0 1

11 маусым күні кешкі уақытта Алматы-Бішкек тас жолында үш көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам қазақ тауып, тағы 11 түрлі жарақат алды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көліктер тас жолдың 94 шақырымында соқтығысып қалған. Анықталғандай, жол апаты кезінде далада қатты жаңбыр жауып тұрған.

Басылымның жазуынша, жолаушыларға толы Mercedes Sprinter көлігі Алматыға қарай бет алып келе жатқан. Оның артында оқиғаға қатысы бар екінші көлік Тoyota Camry жүріп келді. Соқтығысқан үшінші көлік Mercedes E-Class жолдың қарама-қарсы жағында болған.

Анықталғандай, E-Class жүргізушісі көлікті басқара қалмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Нәтижесінде ол шағын автобуспен соқтығысып, оны жолдың шетіне ұшырып жіберді. Sprinter-дің артынан келе жатқан Toyota көлігі де E-Class көлігімен соқтығысып қалды.

Екі көлікпен соқтығысқан E-Class екі бөлікке қақ айырылды. Алдынғы бөлігі жолдың шетіне ұшып кетсе, қалғаны тас жол бойында қалды.

Автобустың егде жастағы долаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апаты салдарынан 11 адам зардап шеккен.

Анықталғандай, жеті адамды ауруханаға жеткізіп үлгерді. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы үш адам медициналық көмекті оқиға орнында алып, үйлеріне қайтарылды.

Зардап шеккендер арасында шағын автобус пен E-Class жүргізушілері де бар.