Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінде 7 жасар бала әткеншектен құлап, көз жұмды

12 июня, 09:16
0 1

Қарағандыда ойын алаңында 7 жасар баланың қайтыс болуына қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 маусымда Қарағанды қаласындағы сауда үйлерінің біріндегі ойын алаңында 7 жасар бала әткеншектен құлап, көз жұмды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлімі «адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деп түсініктеме берді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталмыш нысанды пайдалану жөніндегі құжаттама алынуда.