Алматыда түнгі тәртіпсіздіктер кезінде полицейді қағып кеткен жігіт қамауға алынды

11 июня, 23:08
0 1

Алматыда түнде болған тәртіпсіздіктер кезінде полицейді қағып кеткен көлік жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, 1995 жылғы туған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Мен жасаған ісім үшін өкінемін. Полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын", - дейді ол.

Еске сала кетейік, бүгін түнгі он екі жарымда Алматының Төле би даңғылы мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында көлік жүргізушілерінің бірі полиция қызметкерін қағып кеткен.

Тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған оң жақ жіліншігінің жамбас-берц сүйегінің жабық сынығы диагнозын қойды.

"Тойота" жүргізуші қылмыс орнынан бой тасалағанымен, көп ұзамай Қылмыстық кодекстің 345-бабында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша ұсталған.