Алматыда студент қызды туыстары төрт күннен бері іздеп жатыр

11 июня, 21:05
0 1

Алматыда туыстары төрт күннен бері 19 жастағы студент Нура әл Накауаны іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісінде @_volontery_almaty_lider.kz іздеу тобының паблигі мәліметінше, қыз 7 маусымда жоғалып кеткен. Ол Орбита-4 ықшамауданындағы үйден 17:00-ден шыққан.

Сурет Instagram желісіндегі volontery_almaty_lider.kz парақшасынан

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері 19 жастағы Нура Әл Накауаның жоғалғаны туралы арыз Бостандық аудандық полиция басқармасына түскенін хабарлады. 8 маусымда құқық қорғау органдарыөкілдерінің мәліметінше, ол ел аумағынан шығып кеткен. "Жоғалу дерегі бойынша азаматша Қырғызстанмен шекарадан өткені белгілі болды. Қыз кәмелетке толған. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында іздеу жұмыстары тоқтатылды", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Сурет vk.com сайтынан

Анасының айтуынша, қызы БАӘ-ден келген күні жоғалып кеткен.

"Нура, егер сен біздің хабарламамызды көріп отырсаң, үйге оралшы, барлығы туралы сөйлесеміз, біз сен үшін уайымдап отырмыз", - деді жоғалып кеткен қыздың анасы Гүлзада Тоғайбаева.

Сурет vk.com сайтынан

Туған-туысқандарының мәліметінше, қыздың телефон өшірілген, бірақ ол әлеуметтік желілерде кейде отырады екен. Алайда ол хабарламаға жауап бермейді.