Азаматтық некедегі күйеуіне сенген әйел жер сипап қалды

12 июля, 23:55
0 1

 Семейде азаматтық некедегі әйелінен 500 мың теңге ұрлап алған 42 жастағы ер адам ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

43 жастағы келіншек қаладағы Әуезов полиция бөліміне үйіндегі жатын бөлмеде сақтап жүрген қомақты қаражатының жоғалып кеткенін айтып арыз түсіріпті.

Полиция қызметкерлері жүргізілген шаралардың нәтижесінде іске қатысы бар деген күдікпен зардап шегушінің 42 жастағы сүйіктісін ұстаған. Ол өз кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де істі болған екен. Жапа шеккен келіншекке ұрланған ақша қайтарылып берліді. Ер адам ұрлаған ақшасын жұмсап үлгермепті. Қазір аталған мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Жедел іздестіру шараларына кіріскен полиция қызметкерлері ұрының үйге терезе арқылы кіргенін анықтады. Ал әрекетін үй иесі түнгі кезекшілікке кеткен уақытта іске асырған. Істі ашу үшін полицейлер әйелдің таныстары мен көршілерін тергеді. Себебі, жатын бөлмеде қомақты қаржының сақталғанынан хабары бар адамның ұрлағаны белгілі болды", - деді Семей қалалық Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

NUR.KZ.