Шымкентте төсек жаймаларын байлап, жерге түспек болған адамның әрекеті сәтcіз аяқталды (фото)

14 января, 12:06
0 1

Шымкентте пәтер ішінде құлыпталып қалған ер азамат, 4 қабаттан терезе арқылы жерге түсем деп құлап кеткен. Келеңсіз жағдай Айбергенов көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінде күндізгі уақытта тіркелген деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

 

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Жерде қимылсыз жатқан ер азаматты байқаған куәгерлер дереу 102 ге хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер, ер азаматтың 1965 жылғы екендігін анықтады.

Сонымен қатар, ер адамның қалтасынан мүмкіндігі шектеулі екендігін айғақтайтын құжаттар шыққан. Белгілі болғандай, ол тағы бір ер азаматпен бірге пәтерді жалға алған екен.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Олардың бірі есікті кілттеп, кетіп қалса керек. Ал іште қалып қойған азамат, терезден шығуды жөн санаған. Сөйтіп төсек жаймаларын бір-біріне байлап, төмен түспек болған.

Сондай-ақ, жалға алынған пәтерде ішімдіктен босаған шөлмектер де табылған.

Дәрігерлердің сөзінше зардап шеккен адам ауыр жарақаттар алған. Ол қазір ауруханада жатыр.

Алдағы уақытта оқиғаның анық қанығы әлі анықталатын болады.