Димаш Құдайберген Дубай сахнасын қалай бағындырды (видео)

08 ноября, 13:02
0 1

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасына Дубай сахнасында ән салған сәтінен видео жариялады. Әлемге танылған жас жұлдыз кезекті мәрте талантымен тыңдармандарын тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Әйгілі жас әнші Димаш Құдайберген концерт барысында өзінің дубайлық жанкүйерлерін қуанышқа бөледі.

Қазақ әншісі "Know" атты туындыны орындаған.

Өзінің өнер көрсеткен сәтінен ерекше кадрларды әнші Instagram парақшасына жүктеді.

Димаштың өнеріне тағы да риза болғандар жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

"Тамаша! Өте әдемі орындадың! Жарайсың!", "Браво, Димаш!, "Сен әлемдегі ең мықты әншісің", "Ғажайып орындау", "Жарайсың Димаш, осы қалпыңнан тайма", - деп жазды тыңдармандар.