Әйелінің туған күніне ерекше тосынсый жасаған Кенжебек Жанәбілов жұртты тамсандырды (видео)

09 августа, 10:44
0 1

Әйелінің туған күніне ерекше тосынсый жасаған Кенжебек Жанәбілова жұртты тамсандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелінің туған күніне ерекше тосынсый жасаған Кенжебек Жанәбілов жұртты тамсандырды (видео)Танымал әнші әйелін жаңа жасымен құттықтап, ерекше сыйлық жасаған. Бір құшақ гүл сылап, туысқандарының басын қосып, келіншегін қуантты ол. Балаларымен бірге өмірлік серігін құттықтаған Кенжебек Жанәбілов әйеліне арнап желіде жыр шумақтарын да жазуды ұмытпаған екен. 

"Жаным туған күніңмен! Бала-шағаның қызығын көріп, бақытты күн кешуді Алла нәсіп етсін. Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын!

Әлпештейді, аялайды адал жар,

Жар жылуы – жүрекке нәр, соны аңғар.

Өзіңді өзің құрметтегің келсе егер,

Аяулыңды жүрекпен сүй, адамдар", - деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Мұны көрген желідегілер өнер иесін құттықтап, отбасына барлық жақсылық атаулыны тілеген. Олар жылы сөздерін жарыса жазып, пікір білдірді.

"Кенжик-Жәмиля, құтты болсын! Бақытты болыңдар", "Денсаулығы мықты болсын. Ұзақ бақытты ғұмыр тілеймін", "Ұрпағыңыздың рақатын көруді Алла нәсіп етсін. Кенжебек екеуіңізге баянды бақыт тілеймін", "Жұптарың жазылмасын", - деп жазысты жұрт.