Еркін Нұржанды "тәте" деп атаған Қайрат Нұртас жұртты күлдірді

28 июля, 11:50
0 1

Қайрат Нұртас Еркін Нұржанды "тәте" деп атап, көпшілікті күлкіге қарық қылды. Әнші өз өңірінде ер адамдарды "тәте" деп атайтынын айтып ақталды. 

Еркін Нұржанға тәте деген Қайрат Нұртас жұрты күлдірді

Эстрада әншісі Еркін Нұржан ақын Қайнар Алагөзовтің сөзіне жазылған "Махаббат математика" атты су жаңа әнін шығарды. Әннің музыкасын әншінің өзі шығарған.

Жаңа әннің үзіндісін желідегі Қайрат Нұртас парақшасында жариялады. Көпшілік жақсы баға беріп, әннің көңілдерінен шыққанын айтып жатыр. 

Еркін Нұржанға тәте деген Қайрат Нұртас жұрты күлдірді

"Тәте, мына әніңізге сындым" деп жазды Қайрат Нұртас.

Бұл сақ көрерменнің назарынан тыс қалмады. Бірі не себепті олай атағанын сұраса, бірі "күлген" белгілерді жіберіп жатыр. 

"Бізде тәте дейді", деп жауап бере кетті Қайрат Нұртас желі қолданушының сұрағына.

Оңтүстік өңірдің тұрғындары мұны қостады. Енді бірі алғаш рет естіп тұрғандарын айтып таңғалды.