"Мақтана алмаймын": Қарақат Әбілдина араб тілін үйренгісі келеді

27 июня, 16:25
0 1

Қарақат Әбілдина араб тілін үйренгісі келеді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Заманына қарай адамы" демекші, белгілі әнші бәсекеге қабілетті, заманауи болудан қашпайтын көрінеді. Тіл үйреніп, өзін дамытуды да жөн санайтын сияқты. Бір емес, бірнеше тілді меңгергісі келетін Қарақат Әбілдина жанына жақыны араб тілі екенін жеткізді. 

"Тілге келгенде, мақтана алмаймын. Өзімнің ана тілімді өте жетік білемін. Орыс тілін сөйлесу деңгейінде, өз ойымды жеткізе аламын. Тіл меңгергім келеді. Арабша, французша, ағылшынша үйренетін ойым бар. Кәдімгідей бәсекеге лайықты болу керек. Араб тілінен бастайтын шығармын", - дейді Қарақат Әбілдина. 

Өздері үйреніп қана қоймай, Қарақат пен Қыдырәлі балаларының да жан-жақты болғанын қалайды. Олар перзенттерінің тілге деген қызығушылығын арттырып, жастайынан жетілдіргісі келетін көрінеді.

"Өзіміз білмеген нәрсені, әдетте баламыз білсе екен деп тұрамыз ғой. Сондықтан, осы мәселені жастайынан қолға алып, курстарға беріп жүрміз. Себебі олардың заманы, біздікіндей емес", - дейді Қарақат Әбілдина.