"Үміт артып отыр": Арыстықтарға қаражат жинаған Нұрлан Еспановтың ұлы жұртты тәнті етті

27 июня, 15:54
0 1

Арыстықтарға қаражат жинаған Нұрлан Еспановтың ұлы жұртты тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлан Еспанов ұлының әрекеті жайлы желідегі парақшасында жазба қалдырып, игі бастамасына сәттілік тілеген. Өнер иесінің баласы аз уақыттың ішінде біршама ақша жинап, жастарды бұл жағдайға бей-жай қарамауға шақырған. 

"Жарты күнде 100000 тг жиналды. Ұлым, жарайсың!" - деп жазды Нұрлан Еспанов желідегі парақшасында. 

Арнайы видео жүктеген Олжас Еспанов өзі де Арыстың тумасы. Осылайша ол жерлестерінің басына түскен қайғылы оқиғаға қолдау көрсетпек. Игі бастамасын тек қарапайым студенттерге ғана емес, жұлдыздардың балаларына да үндеу ретінде жасаған көрінеді. Заттай көмек жетікілікті болғанымен, енді көліксіз, баспанасыз қалған ағайынға қаражаттың да артық болмайтынын ашық айтты ол. 

"Қаншама кәсіпкерлер, әншілер, жұлдыздар қол ұшын беріп жатыр. Дегенмен біз жастар көк туымызды желбірететін қазақ елі бізге яғни жастарға үміт артып отыр. 2019 жыл жастар жылы, болашақтың көзі -  біз, яғни, жастар. Мен өзім Арыстың азаматы, Арыстың тумасы болғаннан кейін, жастардың атынан осындай игі істі бастағым келіп отыр. Сіздерден тек қаржылай көмек! Кім қанша ақша бере алады, мейілінше көп сумма жинап, мен ол қаражатты бөліп, мұқтаж болып отырған адамдарға таратып беретін боламын! Барша студенттерді, жұлдыздың ұлдарын, барша Қазақстанның жастарын қол ұшын созуға шақырамын!" - деп жазды Олжас Еспанов.