"Кімге ұқсап кеткенсің": Әлішер Кәрімов сауда-саттық жасап жүр

27 июня, 15:43
0 1

Әлішер Кәрімов Алматыда сауда-саттық жасап жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы өнер иесі желідегі парақшасында жазба қалдырып, суретін жүктеген. Күннің ыстығына қарамастан, сауда-саттық жасап жүрген ол, бұл істің жанына жақын екенін жасырмаған. Тіпті, сауда-саттық жасағанды қатты ұнатамын дейді өнер иесі. 

"Баршаңызға қайырлы күн! Алматыда күн өте ыстық. Киімдерімді жаңалайын деп шештім. Және шопинг жасағанды қатты жақсы көретінімді мойындағым келеді", - деп жазды Әлішер Кәрімова. 

Бұны көрген желідегі жұрт көптен бері жұрт назарынан жырақта жүрген Кәрімовтің жаңа образына таңқалып, өз пікірлерін жарыса жазған. 

"Мен де сауда-саттықты жақсы көремін", "Бұйрабас келбетті жігіт", "Сізді танымай қалдық, Әлішер", "Ойбай, кімге ұқсап кеткенсің", "Әлішер, алтын бала", "Жарайсың", - деп пікір қалдырды жұрт.