"Жексұрын болып кетуден қорқамын": Медеу Арынбаев неге желіге кірмейтінін айтты

21 июня, 12:42
0 1

Медеу Арынбаев басты қорқынышы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Белгілі әнші Медеу Арынбаев елге жексұрын болып кетуден қорқады. Желіні сондықтан қолданбаймын дейді ол.

Парақшаларының бәрін көмекшісі жүргізетінін де жасырмады өнер иесі. Соған қарағанда Медеу Арынбаевқа ұсақ-түйек жаңалығын бөлісіп, мақтана берген ұнамайтын болуы керек. Осы жайлы айтып, әнші ағынан жарылды. 

"Үнемі халықтың назарында болуды мен құптамаймын. Қайта-қайта көрініп, бір күні жексұрын болып кетуден қорқамын. Болған, болмаған жаңалығымды халықтың көзіне көрсетуден аулақпын", - дейді өнер иесі.