"Үнемі басым бос болады": Сара Амангелді неге тұрмысқа шықпай жүргенін айтты

21 июня, 12:32
0 1

Сара Амангелдіге әкесі ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сара Амангелдинова

Сара Амангелдіге ата-анасы күтпеген талап қойып, өмірлік жоспарын ауыстырған. Әкесі соңғы кездері қызына ұсыныс айтып, әңгіменің шет жағасын жеткізіп жүрген сияқты. Осы уақытқа дейін тек шығармашылығын шыңдап келген өнерпазға, таяуда әкесінің тарапынан тосын ұсыныс түсіпті.

"23 жасқа толған кезде әкем қашан күйеуге шығатын ойың бар деп айта бастады. Бірақ, менің жігітім жоқ. Неге екенін білмеймін, үнемі басым бос. Қашан күйеуге шығасың сен қыз, ей дейді маған. Құрбыларым Сара бірінші күйеуге шығады деп айтатын. Ол кезде мен жүргіш те емес едім. Бірақ өзім күйеуге шығып кететін шығармын дейтінмін", - дейді өнер иесі.

Құрбыларының барлығы жұмысқа шықса да, әлі маңызды қадам жасауға жүрексініп жүрген өнер иесі ажырасудан қорқатын көрінеді. Бірінші тұрмысқа шығамын деп ең соңында қалғанын да жасырмады ол.

"Қазіргі таңда ажырасу өте көп. Өзім бір рет күйеуге шыққым келеді. Негізі ер адам намысшыл, абыройлы болуы керек, махаббатқа адал болуы керек. Өйткені мен адалдықты жақсы көремін", - дейді Сара Амангелді.