Әнші Венера Қармысова қайтыс болды

12 июня, 20:27
0 1

Қазақстандық әнші Венера Қармысова 2019 жылы 10 маусымда қайтыс болды. Әнші 83 жасында ауырып көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
Жасай бер қазақ видеосынан кадр

Жасай бер қазақ видеосынан кадр

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте

Әртіс 1936 жылы 22 мамырда Алматы қаласында танымал театр және кино актері Камал Қармысовтың жанұясында өмірге келді.

Венера Қармысова ҚазССР-дің еңбек сіңірген әртісі болып табылады.

Ол еңбек жолын ҚазССР-дің мемлекеттік хорында бастады.

Өнер иесі ұзақ жылдар Қаз ССР-дің Мемтелерадиосында әнші болып қызмет атқарды.

Венера Камалқызы атақты композиторлар Шәмші Қалдаяқов және Әсет Бейсеуовтың шығармаларынан көптеген композициялар орындады.

Ол 10 жыл Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде эстрада-вокал пәнінен дәріс оқыды.

Көптеген еліміздің әншілері Венера Қармысованың шәкірттері болып табылады.