Құдалыққа қоржын жинаған Динара Сұлтан елді сүйсіндірді (видео)

08 июня, 19:06
0 1

Динара Сұлтан үйінде қоржын жинап жатқан сәтін желіде жариялап, жұрттың ризашылығына бөленді. Желідегілер көпбалалы ананың салт-дәстүрлерге асқан құрметпен қарайтынына тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте

"Ақыл" шай кезіндегі аса ерекше сәтті Динара Сұлтан Instаgramпарақшасына жүктеген. Бейнежазбадан бір топ келіншектердің әндетіп, қоржын жинап жатқанын аңғаруға болады.

"Біздің үйде жақында той, салт-дәстүріміз керемет қой. Ақыл шәй, тума-туыспен кездесіп, шәй ішіп, әндетіп, қоржын жинасып, шүберек, орамал, мата… кәмпит-сәмпит, алтын-күміс әшекейлерін бөліп, дайындаған сәтіміз. Жастар "Қоқыс жинап не істеп отырсыздар" дейді. Ол дұрыс па? Сіздің пікіріңіз" , - деп жазған әнші.

Видеоны тамашалаған желі қолданушылары эстрада жұлдызының қылығына сүйсініп, оған жылы лебіздерін білдірген.

"Өте дұрыс, керемет көрініс, үлгі. Салт -дәстүрді сақтау керек ,насихаттау керек" , " Керемет. Осынысымен қызық қой" , "Осының өзі қызықты ғой. Мен үшин күшті салт-дәстүр" , "Жарайсыз, нағыз келінсіз. Нағыз қазақи тәрбие алған қызсыз" , - деп жазуда көпшілік.