Танымал әнші Альбина Шардарова ана атанды

08 июня, 18:29
0 1

Бүгін танымал әнші Альбина Шардарова мен актер Бауыржан Сатов ата-ана атанды. Қуанышты жағдаймен жас жұбайлар инстаграм парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бауыржан сатов

Былтыр шаңырақ көтерген жұлдызды жұп қуанышты хабармен өз парақшаларында жазып, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Жас отбасының тұңғышы- қыз бала.

"Сүйінші! Алланың қалауымен ата-ана атандық. Бізде бәрі жақсы, шүкір! Баршаңыздың дұға-тілектеріңізге Алла разы болсын. Мен де тілеулеспін сіздерге, әсіресе осындай бақытты күтіп жүрген жандарға қабыл болсын", - деп тілекші оқырмандарына алғыс білдірді жас әке.

Тұңғыштарымен суретке түсіп, желгіе жүктеген бойда оқырмандар құттықтау айттып жарысты. 

"Алла өрісіңді кеңейтсін досым. Жөргегің босамасын! Шаңырағыңа шаттықпен келсін шақалағың!", " Отбасыларыңмен аман-есен, бақытты болыңдар!", "Ханшайымның бауы берік болсын! ", - деп оқырмандары жүрекжарды тілектерін жаудырды.