"Тәңірдің өз тартуы бар": Ақбота Керімбекова Алланың сынақтарына төзуге шақырды (видео)

05 июня, 20:40
0 1

Ақбота Керімбекова ән арқылы Алланың сынақтарына төзуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жақын арада Ақбота Керімбекованың су жаңа бейнебаяны тыңдарманға ұсынылмақ. Желіде туындының қысқа бейнежазбасын жариялаған Ақбота Керімбекова осылайша жаңалығымен бөлісті.

"Алла бұйырса жақын арада бейнеклип те жарыққа шығады.Тілек дұғаларыңыз қабыл болсын", - деп жазды өнер иесі.

Әннің аты әлі белгісіз. Алайда, Ақбота Керімбекованың ән арқылы адамдарды төзімділікке, сабыр мен шыдамға шақыратыны анық болды. Қандай қиындық көрсең де ешкімді айыптамай, өзіңнің өміріңе шүкіршілік етуге үндейді туынды. Бейнебаян өмірдің мәнін ұғынуға көмектеседі.

Туындының үзіндісін тамашалаған тыңдарман да қалыс қалмай, әншінің талантына тәнті екендерін жасырмайтындарын жарыса жазды.

"Керемет, орындау. Әуені де, сөзі де әдемі", "Әндердің естісі екен, өте әсерлі", "Ақбота, осындай ән сыйлағаның үшін Алла риза болсын", "Мағынасы тереңде жатқан, тамаша туынды. Құтты болсын!" - деп пікір қалдырды желідегі жұрт.