Ділназ Ахмадиева: Әйелдердің көлік жүргізгені мүлде дұрыс емес

15 ноября 2018, 19:35
0 1

Бүкіләлемдік жол апаты құрбандарын еске алу күніне орай өткен жиында Ділназ Ахмадиева сөз сөйлеп, әйелдердің көлі тізгіндеуде әлсіз екенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әншінің сөзіне сүйенсек, ол кез келген әйел заты көлік тізгінінде отырып, қорқынышпен және алаңғасарлықпен жан-жағындағыларға қауіп төндіруі мүмкін. Оның темір тұлпар айдайтын құрбылары да нәзік жанды екенін пайдаланып, ер азаматтардан жол сұрап жүруді әдетке айналдырған.

Алайда мұндайды мүлдем құптамайтын әнші көлік тізгінінде гендерлік теңсіздік түсінігі жоқ деп санайды.

Ахмадиеваның өзі болса үнемі шашыраңқы ойда, қарбалас шаруамен жүретіндіктен көлік жүргізуден бас тартыпты. Ол абайсыздығының кесірі өзгелерге тиіп кете ме де қорқады екен. Сондықтан оның алдын алу үшін жүргізуші жалдағанын жасырмады.

"Менің ойымша, әйелдердің көлік жүргізгені мүлде дұрыс емес. Мен мәселен көлік айдай алсам да, рөлге отырмаймын. Оның бір ғана қарапайым себебі бар: шығармашылық адамы болғандықтан, жолда мұқият емеспін", - деп ағынан жарылды ол.

Сөз соңында Ділназ Ахмадиева елімізде жол ережелерін көбірек насихаттап, көлікті сақ жүргізуге азаматтардың назарын аудару керек деп санайтынын жеткізді.

Сонда түрлі қайғылы жағдайлардың алдын алып, орны толмас қателіктерге бой алдырмаймыз дейді ол.